Облыстағы алты мектепке ҰОС ардагерлерінің есімі беріледі. Сондай-ақ, бес көше қарт майдангерлердің атымен аталады. Бұл ұсыныс облыстық мәслихаттың әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында мақұлданып, сессияның қарауына жіберілді.
Бірден сегіз мәселені қараған халық қалаулылары ономастика комиссиясының құрамын бекітті. Облыс әкімдігінің дербес бөліміндегі бос лауазым орындары да тыс қалмады.
Саттар Қуашбай, ОҚО мәслихатының әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы: «Шығып қалған облыс әкімінің бірінші орынбасары және ішкі саясат басқармасының бастығы сияқты азаматтардың орнына өзгертулер қаралды. Соңында ономастика комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы шешім қабылданды».