Облыстағы алты мектепке ҰОС ардагерлерінің есімі беріледі. Сондай-ақ, бес көше қарт майдангерлердің атымен аталады. Бұл ұсыныс облыстық мәслихаттың әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында мақұлданып, сессияның қарауына жіберілді.
Саттар Қуашбай, ОҚО мәслихатының әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы: «Шығып қалған облыс әкімінің бірінші орынбасары және ішкі саясат басқармасының бастығы сияқты азаматтардың орнына өзгертулер қаралды. Соңында ономастика комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы шешім қабылданды».