Оқушылардың жүргізушілерден сұранары бар

243
"Абайлаңыз балалар"

6-сынып табалдырығын аттаған Фатима Артықбай мектепке барып-келуі үшін бірнеше жолдан өтеді. Ол жаяулар жолымен өтудің де қауіпті екенін айтады.

Фатима Артықбай, №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп лицейінің 6-сынып оқушысы: «Мектептің алдындағы көшеден өткенде кейде машиналар бізді өткізбейді. Сондықтан көлік айдаған  ағалардан бізді өкізуін сұранамын».

«Абайлаңыз, балалар!» Жаңа оқу жылының басталуына орай Шымкентте акция қолға алынды. Шараның мақсаты — мектеп оқушыларының жолдағы қауіпсіздігін күшейту. Шәкірттердің қауіпсізді үшін тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс атқаруға кірісті.

Нұрғали Тастеміров, жол-патрульдік полициясы полкінің рота командирі:»Жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың жолдан өтудегі қауіпсіздігі үшін жұмыс тәртібін күшейттік. Оқушылардың мектепке келер және қайтар кезінде инспекторлар оларды жолдан өткізуде қызмет етеді.»

Өңірде жыл басынан бері 7 айда жол-көлік апатынан 32 оқушы қаза тапты. Сондықтан полиция қызметкерлері жүргізушілерді барынша мұқият болуға шақырады.