Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салтанатты жиындар біздің өңірімізде де өтті. Облыс орталығындағы «Түркістан» сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Мерекелік кеште алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды сахна төріне көтеріліп, жерлестерімізді арнайы құттықтады. Айтулы шараға жергілікті билік өкілдері мен шаһар тұрғындары шақырылған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=77YV3e6Fq8g[/youtube]
Тарихи датаның құрметіне жергілікті өнерпаздар патриоттық ән айтып, мейрамның мерейін асырды. Белгілі тарихшы ғалымдар да зерттеу мақалаларын арқалай келген. Көптің алдында баяндамаларын оқыды.