Оңтүстіктегі егу жұмыстарына дайындықты вице-министр тексерді

288
Алексей Цой. Дәрігерлер

Бірінші қазаннан бастап қызылшаға қарсы егу жұмыстары басталады. Ол 15 және 19 жас аралығындағы жеткіншектерге салынады. Міндетті вакцинадан бас тарту бала саулығына салғырт қараумен тең дейді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой.

Алексей Цой. Дәрігерлер
Алексей Цой

Бүгін күнгейге арнайы іс-сапармен келген ведомоства басшысының орынбасары емханалардың шараға дайындығын пысықтады. Алексей Цой Оңтүстіктегі іс-сапарын қаладағы №8 емханадан бастады.

Астаналық маман Шымкенттегі бірқатар медициналық мекемелерді аралап, халыққа қызмет көрсету барысын қадағалады. Әр аурухананың емдеу құрылғыларына баса назар аударып, науқан барысында әрбір емделушінің тыс қалмауын тапсырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TVCdcDgmYoo[/youtube]

Шенеунік медициналық мекемеде көрсетілетін қызмет, емдеу қондырғылары, жалпы жұмыс барысымен етене танысты. Дәрігерлердің айтуынша, емханада науқастардың барлығына дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіншілік жоқ. Сондықтан арызын айтып, хабарласушылар көп.