ОҚО-да «Шекарасыз ән» байқауы өтті

387

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Шекарасыз ән»  фестивалі өтті. Байқауды «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған. Мақсаты — жастардың патриоттық сезімін оятып,  рухани дамуына септігін тигізу. Сонымен қатар, еліміздің этнобірлестіктеріміздің маңыздылығын айқандайтын шара.

Облыстық байқауға өңірдегі жиырмаға жуық этно-мәдени орталықтардың өкілдері қатысып, өнерлерін ортаға салды. Доданың басты шарты- жанды дауыста ән шырқау. Туындының қай тілде екені маңызды емес, тек жүректен шығып, жүрекке жетсе болғаны,- дейді ұйымдастырушылар.

Ербол Байқонақов, ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, қазылар алқасының төрағасы: «Негізінен тірі дауыста шырқау мәселесіне баса мән беріледі. Ал егер жанды дауыспен айтпаған жағдайда оның балы төмендетіледі. Жалпы, осындай іс-шараларды өткізу арқылы еліміздегі татулықты сақтауға болады. Мол ықпалын тигізеді».

Ашық аспан астында, түрлі тілде әсем әуен шырқалып, бейбіт дәурен бейнеленді. Фестивалға қатысқан әрбір үміткер тыңғылықты дайындығын көрсетті. Әділ-қазылардың және қонақтардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлады.

Нәтижесінде,  I орынды неміс этно-мәдени орталығының өкілі Маргарита Ким жеңіп алды. Ал татар ұлтының намысын қорғаған Дамир Касьянов II орынға ие болды.  Үшінші орын Иран этно мәдени орталығымен «Әжелер» квартетіне бұйырды. Ал өзбек ұлтының әншісі Аброр Махкамов ынталандыру сыйлығын иемденді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ, барлық қатысушылар құр қол қайтпады.