«Ордасы құс» фабрикасы жұмысшыларының өз тұрғын үй кешені болады. Әлеуметтік жоба Ықылас-Темір ауылы маңында жүзеге асады.
Аумағы 100 гектар тұрғын үй кешенінің жобасымен облыс басшысы танысты. Егер қолдау тауып жатса, 2017 жылы құрылысы басталады.
Әрбір жас маманға 15 соттықтан жер бөлінеді, оның баспанасы мемлекеттің қолдауымен тұрғызылады. Заманауи үлгіде бір типтік үйлер салынып, әлеуметтік нысандар да бой көтермек.
Бахтияр Тағаев, «Ордабасы құс» ЖШС өкілі: «Жоба жүзеге асып жатса, ең бірінші болып, өзімізде жұмыс істейтін мамандарға үй береміз. Сосын, әрине, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға да беріледі. Әр отбасына 15 соттық жер бөлінеді. Оның бес соттығына бау-бақша егілуі тиіс».