Қазақстандықтарды Боратпен салыстырған канадалық боксшы Давид Лемье мен «Галатасарай» футболшысы Лукас Подольскийдің қатарын «Ордабасы» клубының ойыншысы сербиялық Иван Божичтің сүйіктісі толықтырды. Спортшының қалыңдығы әлеуметтік желідегі аккаунтында «Борат еліне келдім. Мен сені …. » деп жазған.
Осыдан бірнеше апта бұрын ордабасылық шабуылшы өз қалыңдығын Сербиядан Шымкентке алып келген еді. Сүйіктісінің жанында болатынына дән риза болған бикештің қуанышы қойнына сыймай, өз парақшасында осылай бөлісуді жөн санаса керек.
Естеріңізде болса, чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі командалар арасында болған жеребенің қорытындысы бойынша астаналықтардың «Галатасараймен» бір топқа түскенін естіген неміс ойыншысы Лукас Подольски Twitter-де Бораттың суретін қойып, астына «Асыға күтудемін» деп жазған болатын. Алайда, кейіннен футболшы кешірім сұрап, кінәсін жуып-шайған еді.
Жақында тағы бір спортшы елді шулатты. Ол — боксшы Геннадий Головкиннің қарсыласы, канадалық Давид Лемье. Ол да әлеуметтік желідегі өз парақшасында Боратты еске алған.