Леңгір қалалық ауруханасы науқастарды соңғы технологиямен емдейді. Емханаға оттегі автоматы орнатылып, әр бөлмеге арнайы жүйе жүргізілген. Өңірде ғана емес, республикада кездесе бермейтін құрылығы бүкіл ауруханаға оттегіні қажетінше жіберіп отырады.
Аурухананың пайдаланылатын аумағы 10 мың шаршы метрге жуық. Арнайы ыдыстарға сырттан ауа сорылып, жиналған ауа автоматты түрде ауруханаға жіберіледі.
Жандар Нышанов, Ленгер қалалық ауруханасының бас дәрігері:» Кислородтың автоматты түрде берілуі науқастардың емделу процесіне оңтайлы әсер етеді. Ал ауыр халде келіп түскендерге де мұрыны арқылы береміз. Барлығы автоматты. Тек мониторды қадағалауды қажет етеді».
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zls6KDIDY10[/youtube]
Ауруханадағы әрбір палатаға оттегі арнайы жүйе бойынша беріледі. Дәрігерлер бұл тек науқастарға ғана емес, сондай-ақ операция кезінде жұмыс жасауға өте ыңғайлы дейді.
Науқастарды көптеген сала бойынша қарайтын ауруханада 7 бөлімше бар. Соңғы жылдары бала өлімі екі есеге азайып, ана өлімі тіркелмеген. Дәрігерлер бұл білікті мамандар мен жаңа технологиялардың нәтижесі екенін айтады.