Кентаулық түлектер ауруханаға 9 оттегі концентрантын тарту етті

299

 

Әлемді жайлаған жаман індетпен күресте жомарт жандар қолдан келген көмегін аямауда. Кентау қаласының №1 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 1969 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен, Кентау қалалық орталық ауруханаға 9 оттегі концентрантын сыйға тарту етті. Жеткізілген оттегі конценртантын аурухана дәрігерлері қабылдап алды.

Дәл осындай 2 құрылғыны Кентау қаласының №3 «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернатының оқушылар мен ата-аналарының ұйымдастыруымен сатып алынды.

Қайырымдылық көрсеткен түлектерге жерлестері мен дәрігерлер алғыстарын жеткізді.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі