«Петро Қазақстан» зауытында қоғамдық тыңдау өтті

343

Экология қауіпсіздігі басты назарда. «Петро Қазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдау өтті. Онда кәсіпорынның 2016-2020 жылдарға арналған жаңарту бағдарламасы талқыланып, әлі күнге дейін түйіні тарқатылмай отырған кейбір экологиялық түйткілдер де ортаға салынды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JvY8EbKdL3Q[/youtube]

Кәсіпорын жаңарту жұмыстарының нәтижесінде мөлдір мұнай өңдеу тереңдігі мен шығымын 80 пайызға көтеруді діттеп отыр. Онымен қоса экологиялық талаптарға сай моторлы отындарды шығаруды көздейді. Сондай-ақ қоршаған ортаға залалды азайтатын түрлі қондырғыларды іске қоспақ.

Экологтар бүгінде қоршаған ортаның ластануына бірден-бір ықпал етіп отырған автокөліктер дегенді айтады. Бүгінде шаһардың экологиялық ақуалын бақылайтын 4 бекет іске қосылған. Онда үнемі желдің бағыты зерттеліп, арнайы газанализаторлар ауадағы зиянды заттардың деңгейін анықтайды. Алайда мамандар өндіріс орындарынан әзірге ешқандай қауіп жоқ деп сендіреді.

Жаңарту шаралары 2016- 2020 жылдарға арналған. Компанияның экологиялық саясаты қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайтайтып, өндіріс қалдықтарын өңдеуге бағытталған.