Шымкентте жаңа бағдаршамдар іске қосылды

802
Шымкент. Бағдаршам
Шымкент. Бағдаршам

Шымкентте тағы екі бағдаршам іске қосылды. Жаңа құрылғылар «Смеу Астана » ЖШС-нің құзырына тапсырылды. Енді Бәйдібек би және Сырым батыр көшелеріндегі көлік қозғалысы реттеліп қалды.

Шымкент. Бағдаршам
Шымкент. Бағдаршам

Шаһар көшелерін бағдаршамсыз елестету қиын. Шымкентегі 166 құрылғының біреуі істен шықса, лезде көлік кептелісі пайда болады. Қазір қозғалыс реттегіштерді күтіп ұстау үшін биыл 40 млн те4ге қаражат бөлініпті.

Қуат Жұматаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: «Біздегі бағдаршамдардың 90 пайызы жаңартылған. Жоспарда 8 бағдаршам орнату бар. Ол үшін тапсырыс берілді.»

Бір бағдаршамның құны 9 млн теңгені құрайды. Сала мамандарының айтуынша, заман талабына сай құрылғылар тек электр қуатының шектелуіне байланысты ғана сөнеді. Ал өзге уақытта жұмысты қадағалайтын арнайы жедел топ құрылған.

Ал Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесі, Қонаев және Рысқұлов даңғылдарының қилысындағы бағдаршамдар электр қуатынан бөлек қосымша қондырғымен де жұмыс істей береді.

Нұрлан Жаңабай