11 қыркүйек — Қазақты қазақ еткен қайраткерлеріміз бен қара қылды қақ жарар билерімізді ұлықтайтын күн! Тура 550 жыл бұрын кемеңгер Керей мен жігерлі Жәнібек Қазақ хандығының іргесін қалады. Өткенді ұлықтайтын мереке облыс орталығындағы «Түркістан» сарайында өтті. Тарихи датаға деген құрметін жерлестеріміз мерекелік, патриоттық ән-жырмен жеткізді.
Түркістан сарайындағы мерекені өңір тұрғындары көптен күтті. Жерлестерміз мұнда тегіміз бен тілімізді теке-тірескен жаулардан аман сақтап, жерін қызғыштай қорғаған Қазақ хандығы, оның 550 жылдығын атап өту үшін арнайы келген.
Жергілікті өнерпаздар тарихи датаға деген риясыз құрметін әсем әндері арқылы білдірді. Ал кеш қонақтары хандық пен қазіргі қоғам арасында 5,5 ғасырдан астам уақыт өткенімен, биліктегі ереже-жарғылар жойылған жоқ, кесірінше қайта жаңғырды дейді.
Мөлдір Бекеева