Тауар өндірушілер шу шығарды. Айтуларынша, облыс орталығында әр сенбіде ұйымдастырылатын азық-түлік жәрмеңкесіне қатысып, өз өнімдерін саудалай алмайды.
Наразы кәсіпкерлерлер «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауына келді. Тауар өндірушілердің сөзіне сенсек, жәрмеңкеде алыпсатарлар ғана сауда жасап жатыр.
Меруерт Көлбаева бастаған бір топ тауар өндірушілердің айтуынша, облыс орталығында өтетін сенбілік жәрмеңкеден орын бұйырмай отыр.
Шағымданушылардың сөзіне сенсек, жәрмеңкеде көбіне алыпсатарлар сауда жасайды. Әкімшілік кедергілерге тап болатын тауар өндірушілер мен дихандарға сауда қатарларынан орын тимейді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Hfe9o52dalo[/youtube]
Сондай-ақ кәсіпкерлер жәрмеңкенің жаз айларында, тап жергілікті көкөністер мен жеміс-жидектер піскен кезде тоқтатылатынына да наразылық білдірді. Жалпы, жәрмеңкеге қатысты сын пікірлер мен ұсыныстар көп. Жауаптылар алдағы уақытта олқылықтардың оң шешілетініне уәде етті.