Шымкентте жолаушылар тасымалына жарияланған сатып алу конкурсы өз мәресіне жетті. Бүгін 3 лот бойынша жеңімпаздар анықталды. Естеріңізге салсақ, қалалық әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 6 бағытқа тендер жариялаған болатын.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген 8 көлік компаниясының үшеуі ұтып шықты. Нәтижесінде «Галиев и К» серіктестігі № 30 және № 70 бағытқа қызмет көрсететін болды. Ал «Авто импульс» компаниясы № 70 және № 71 бағыттарды иеленді. «Асыл көлік» серіктестігі болса № 10, 56, сондай-ақ № 87 бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдауға мүмкіндік алды.