Шымкенттің қала күніне Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен болатын мерекелік гала-концерттің өтетін орны Түркістан сарайына ауыстырылды. Бұған дейін 17 қазан күні кешкі сағат 18:00-де басталуға тиісті гала-концерттің ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпейтінін  хабарлаған едік.

Түркістан сарайы

Бағдарламаға сәйкес алғашында гала-концерт өтетін орын Бәйдібек би ескерткіші маңындағы Наурыз алаңы деп белгіленген болатын. Бірақ, жаңбыр жауып, күн райының күрт суытуына байланысты ашық аспан астында болады деп жоспарланған концерттің орны өзгерді. Сонымен, Шымкенттің туған күніне арналған гала-концерт 17 қазан күні кешкі сағат 18:00-де Түркістан сарайында басталады.

фото (с) Әйгерім Бегімбет