Күн суытуына байланысты гала-концерт өтпейді

383
Ауа райы

Ауа райын болжаушылар Оңтүстіктегі күн райының бұзылуына байланысты ескерту жасап отыр. Алдағы күндері өңіріміздің таулы аудандарында жаңбыр жауып, соңы жылбысқы қарға ұласуы мүмкін.

Ауа райыОсыған байланысты ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал Шымкентте сынап бағанасы 8 градус шамасында болады.

– 16, 17, 18 қазан күндері обылс аумағында жауын-шашын болуы мүмкін. Таулы аудандарда соңы қарға айналуы ғажап емес, – дейді инженер-синоптик Ольга Иконникова. – Негізі, жаңбыр 17 және 18 қазан күндері жауады деп болжап отырмыз. Өңірімізде сынап бағанасы +8 градус, ал таулы аймақтарда -3-ке дейін төмендеуі мүмкін. Одан кейін ауа райы біртіндеп жылиды. Оңтүстіктен циклон келеді. Бірақ, ол кезде де жауын-шашын болады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала күніне орай ұйымдастырылғалы отырған гала-концерт пен отшашу өтпейтін болды. Ал қалған бағдарлама өз кезегімен жалғаспақ.