Қала күні

Шымкенттіктер қала күнін 7 күн бойы тойламақ. Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында өткелі отырған іс-шара жалпықалалық сенбіліктен басталады. Осы күні қаламыздың зиялы өкілдері мен ардагерлер, жастардың қатысуымен көшет отырғызу рәсімі жүргізіледі.

Қала күні

Ал 11 қазан күні қалалықтардың қатысуымен жүгіруден эстафета және орталық саябақта шахматтан турнир өтеді. Айтулы шараға қалалық бюджеттен 9 млн теңге бөлінді. Ал мерекелік концерттер демеушілердің қолдауымен жүзеге асатын болады.

Бұған қоса «Шымкент: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында фотокөрме өтеді. Онда қаланың бұрынғы көрінісі, қазіргі тынысы мен ертеңгі болашағы суреттелмек. Көрменің есігі қала тұрғындары мен қонақтарына 17 қазанға дейін ашық.