ҰБТ тапсырушыларға арналған «Алтын белгі» журналы

1305
12109218_1025345920843991_1219832067302896656_n
«Алтын белгі» журналы

Шымкентте ҰБТ тапсырушыларға арналған «Алтын белгі» журналы шығып жатыр. Журналда жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындалуына қажетті 11 пән қамтылған.

Апта сайын шығатын басылымның әр нөмірінде 11 пән бойынша 2 сабақтан беріледі. Олардың ішінде міндетті түрде тапсырылатын 4 пән және 7 пәннің арасында таңдалатын 1 пән.

Алғашқы саны қыркүйек айының бірінші аптасында жарық көрген журналдың сәуір айына дейін барлығы 32 нөмірі жарияланады.  12164594_1570718043150595_1725023782_o

Басылымда әр пән бойынша лекция материалдарымен, практикалық сабақтармен және тест сұрақтарымен тұтас курста 64 сабақ берілген. Олар суреттермен, карталармен, сызбалармен және тағы басқалармен безендірілген.

Журналды шығарушы «ERNUR-press» ЖШС  басшыларының айтуынша, «Алтын белгі» журналы — Қазақстандағы бірегей басылым. Өзге баламасы жоқ. Журналдың басты ерекшелігі, ондағы лекциялар мен тест тапсырмаларын дайындауға тек жоғары санатты кәсіби пән оқытушылары ғана емес, сонымен қатар психологтар та қатысқан. Психологтар тыңғылықты зерттеулер жүргізу нәтижесінде, баланың қабылдауына оңтайлы форматтарды әзірлеген.

12033715_1570718983150501_1239564655_n

«Алтын белгі» журналының тағы бір артықшылығы, бұл басылым тек ҰБТ-ға дайындап қана қоймай, баланың мамандық таңдауына да көмектеседі. Яғни, әр санында еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО-ының тізімдері мен ондағы оқытатын мамандықтардың мән-маңызы туралы жарияланып отырады.

Бір нөмірінің бағасы 350 теңге тұрады. Барлық санына алдын-ала жазылса, апта сайын жаңа нөмірі жеткізіледі.  Толық курстың бағасы — 11 200 теңге.

12088560_1025345947510655_2040707989057155937_n

Журнал туралы толық ақпаратты «Алтын белгі» редакциясының 8 (7252) 54-07-47, 8 (7252) 53-06-66 телефон нөміріне хабарласып білуге болады.