Баспана

Отырар ауданында мектеп емес, баспана мәселесі өзекті болып тұр. Осыдан бір жыл бұрын «Қол жетімді баспана — 2050» бағдарламасы аясында берілген үй көпшіліктің көңілінен шықпады. Көп қабатты үйде не жарық, не ауызсу, не кәріз. Соның салдарынан тұрғындар ескі баспаналары мен жалдамалы үйді паналауға мәжбүр.

Баспана

Бақыт Жарқынбеков 1-қабаттан алған екі бөлмелі пәтерін мақтанышпен көрсетуде. Мүмкіндігі шектеулі азамат баспана кезегінде 7 жыл тұрыпты. Отырар ауданында табиғи газ болмағандықтан, жаңа үйде барлығы электр қуатына қосылған.

Бақыттың көршісі Гүлжанның айтуынша, электр жарығы былтыр қоныстанғанда қосылып, содан кейін болмаған. Кәріз жүйесі орталық жүйеге қосылмағандықтан, даладағы шұңқырды тазарту тұрғындарға жүктеліпті. Жәрдемақыға алатын 17 мың теңгені қайда жеткіземін дейді мүмкіндігі шектеулі азаматша.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OEDwKVU0VxQ[/youtube]

Ал шенеуніктер «Қол жетімді баспана — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 3 қабатты үйде кезектегі 18 адам қоныстанды деп жоғарыға есеп те беріп үлгерген.

Былтыр пайдалануға берілген үйді «Универсал» серіктестігі салған. Атаулы датаға орай асығыс пайдалануға берілген нысандағы ақаулар бір жыл өтпей анықталып отыр.

Шынар Оразова