Оңтүстікте бензин бағасы тұрақты. Бұл туралы журналистермен кездескен «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы Қайыпбек Қамбаров мәлімдеді.
Төрағаның айтуынша, өңірде қара алтын қоры жеткілікті. Айта кетейік, ай сайын облыста бензинге деген сұраныс орташа есеппен 35-37 тоннаны құрайды. Ал дала жұмыстарының тоқтауына байланысты қыс мезгілінде қара алтынға деген қажеттілік 40 пайызға дейін төмендейді.
Дегенмен, жергілікті мұнай өңдеу зауыттары ішкі сұранысты толықтай қамти алмай отыр. Сондықтан қара алтынның 40 пайызы Ресейден тасымалдануда. Алайда, бензин жетіспеушілігін қолдан жасайтын пысықайлардың барын төраға жоққа шығармайды.
Бүгінде облыста 600-ге жуық жанар-жағармай бекеті жұмыс істейді. Оның 60-ы — ірі компаниялар. Ал бекеттерге бензин теңдей бөлінбейді. «Майс» ЖШС директорының орынбасары бүгін жауаптылардан қара алтынды үлестіруді қатаң бақылауды сұрайды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=P5aZatraQm0[/youtube]
Айта кетейік, қазір жанармай бекеттерінде АИ92 маркалы бензин — 125 теңге, АИ 80 89 теңгеден сатылуда. Жақында отандық шаруалардың арасында ең сұранысқа ие АИ-80-нің бағасы да еркін айналымға жіберілуі мүмкін.
Бұған дейін АИ-80 мемлекет бағасын ұстап отырған еліміздегі жанармайдың жалғыз түрі болатын. Енді үкімет жыл соңына дейін бұдан да бас тартқалы отыр. Сондықтан АИ-80 бензинінің құны шарықтап кетуі ғажап емес.