Қала күні: «Шымкент – достық мекені»

1132

«Шымкент – достық мекені.» Бүгін шаһарымыздың мерекесі дәл осындай тақырыппен тойланып жатыр. Салтанатты шара Тәуелсіздік саябағында өрбіді.

Мерекелік бағдарлама алдымен қаламыздағы мектептердің үздік оқушыларын республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер  ұйымымына қабылдау рәсімінен бастау алды. Білім ұяларының 500 көшбасшы шәкірті осылайша мәртебелі ұйымның мүшесі атанды.

Жас ұлан

Жас ұлан

Жас ұлан

Бұдан кейін көпшілік саябақта «Шымкент – менің сүйікті қалам» тақырыбында жас суретшілердің аэрогорафия тәсілімен сурет салуын тамашалады. Сонымен қатар қала мектептеріндегі қылқалам шеберлерінің «Тарихы терең Шымқала» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мереке аясында білім ұяларының ұжымы «Күз сыйы» гүлдер композициясын ұсынды.

 

 

«Достық» күні мерекесінде концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Оған әдеттегідей кәсіби әртістер емес, мектептің оқушылары жұмылдырылған. Жас өнерпаздар сахна төрінде өзге ұлт пен ұлыстардың басын қосып, бірлікті бекем ұстаған Шымкқаланың бүгінгі бейнесін ән-күймен жеткізді.