Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып Қатаев Нұржан Жолымбекұлы тағайындалды.
Нұржан Жолымбекұлы 1983 жылы ОҚО Төле би ауданында туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2003 жылы «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» дирекциясы мекемесінде спорттық нұсқаушы болып бастаған.
2009-2012 жылдар аралығында премьер-министрі кеңсесінің қаржы-шаруашылық бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап бәсекелестікті қорғау агенттігіндегі заң қызметі департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеген.
2014 спорт және денешынықтыру істері агенттігі стратегиялық даму департаментінде бас сарапшы, ал 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінде бас сарапшы қызметінде болған.
Еркін күрестен әлем чемпионы. Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы. Төле би ауданының құрметті азаматы.