Жолаушыларға қызмет көрсететін көлік компанияларының жұмыстарын тексеру айлығы басталды. Осы уақыт аралығында қала әкімдігінің қызметкерлері қоғамдық көліктердің санитарлық тазалығынан бастап жүргізуші мен кондукторлардың мәдениеттілігін, жолаушыларға билет таратуын қадағалайды.
Мамандардың айтуынша, тәртіпке сәйкес қалада жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен шағын автобустар күніне бір рет тазалап жуылуы тиіс. Одан бөлек салонда перделер ілініп, жарнамалар терезені жауып тұрмауы тиіс. Әйнектер күңгірттелмеуі тиіс.
Оған қоса қоғамдық көліктердің ішінде үлкен-үлкен музыкалық құралдарды орнатуға болмайды. Себебі, музыканың қатты қойылуынан мезі болған жолаушылардан түсетін шағымның саны артқан.
Айта өтейік, шымкенттіктерге бүгінгі таңда 70 бағыттағы 27 көлік компаниясы қызмет көрсетеді. Олар күніне 415 мың жолаушыны тасымалдайды екен. Айлыққа сізде қатыса аласыз, өз шағымдарыңызды 43-30-27 телефоны арқылы жеткізіңіз.