Қуанышты хабар! «Қыран» командасының жастар құрамасы биылғы футбол маусымында жүлдеге ие болды. Футболдан Қазақстан чемпионатында бірінші лига командаларының клубтары жастар командаларының арасындағы республикалық футбол турнирінде 1999 жылғы туылған жас футболшыларымыз күміс жүлдегер атанып, баршамызды қуантты.
Бапкер Ю.Савиннің айтуынша, жасыл алаңда өздерінің шеберліктерін көрсеткен жас ойыншыларымыз жылдан жылға тәжірибелерін арттырып келеді.
Сонымен қатар 2000 жылғы туылған жастар құрамасы мен 2011 жылғы өрендеріміз де қола жүлдеге қол жеткізді. Футболдың қыр-сырын жетік меңгерген А.Максименко мен А.Юртаев шәкірт тәрбиелеуден еш жалыққан емес.
Бүгінде миллиондағандардың жүрегіне жол тартқан сиқырлы спортпен Оңтүстік Қазақстан облысында мыңдаған бала кәсіби тұрғыда шұғылданады. Жүлдегер атанған «Қыран» командасының жастар құрамасын еліміздің кәсіби футбол лигасының басшылығы арнайы диплом мен кубокпен құттықтады.
«Қыран» командасының баспасөз қызметі