Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

410
Әлеуметтік қызметкерлер

Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күні. Айтулы мереке облыстық орыс драма театрында барша сән-салтанатымен тойланды. Бұл күнді арнайы мереке етіп белгілеу сала қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмысын бағалау болатын.

Әлеуметтік қызметкерлер

Осы ретте облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов әлеуметтік салада еңбегі еленген қызметкерлерді мерейлі мерекемен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Сонымен қатар «Еңбек ардагері» және «Әлеуметтік саланың үздігі» төсбелгілерімен марапаттады.

Бұдан бөлек облыс әкімдігінің, мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясының және кәсіподақ ұйымының «Құрмет» грамотасын табыстады. Мереке барысында 48 әлеуметтік сала қызметкеріне осындай марапаттар тапсырылды.