Шымкетте «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтіп жатыр. Қиындыққа тап болып, түрлі ауруға шалдыққан науқастарға көмек ретінде ұйымдастырылған шара сағат 10:00-де облыстық қан орталығында басталды.
Донор — өз қанын науқасқа бере отырып, өзгеге өмір сыйлайтын адам. Ол 18 жастан асқан, дені сау, медициналық тексеруден өткен, қан тапсыруға ерікті азамат болуы тиіс. Аталған акцияға барша оңтүстікқазақстандықтарды қан тапсыруға шақырамыз.