Елбасы белгілеп берген «100 нақты қадам» жобасы – дағдарыстан шығудың айқын бастамасы. «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері ел болашағы үшін маңызды бағыттар айқындалған ұлт жоспарына осындай баға берді.
Филиалдың кезектен тыс отырысында республикалық байқауда белсенділік танытқан үздік бастауыш ұйымдар марапатталды. Жұмысын жіті атқарып жүрген тұлғалар партияның республикалық конференциясына делегат етіп сайланды.