Парақорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар қорытылды

184

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалына 5 мыңнан аса арыз-шағым түскен. Азаматтар негізінен тұрғын үй шаруашылығы мен білім саласына қатысты шағымдармен жүгінген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

Кезекті жиында жыл басынан бері Әл Фараби ауданында атқарылған парақорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар қорытылды. Сондай-ақ, жуырда Шымкент қаласы әкімі аппараты мен білім басқармасында орын алған сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің мәселесі қаралды.

Мақпал Рысбаева