Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері ауыл тұрғынының үйіне шабуыл жасап, адам өлтіргендерді іздестіруде. Қанды оқиға 27 қазанның түнінде болған.
Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына сағат 22:00-де аудандық ауруханаға оқ жарақатын алған ер кісінің жеткізілгені жайлы суыт хабар түседі. 41 жастағы жәбірленуші алған жарақатынан есін жимаған күні мерт болған.
Жедел тексеру жүргізген полицейлер марқұмның үйіне қарақшылық шабуыл жасалғанын анықтайды. Сағат кешкі 21:30-да үйге бептерде киген белгісіз үшеу баса-көктеп кіреді. Олар алдымен есік алдындағы итті, содан кейін үй иесін атқан. Одан кейінәйелін қорқытып, 17 мың теңгені тартып алған күйі қашып кетіпті.
Қазір бұл факті Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасында тіркеліп, кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Арнайы топ құрылып, тәртіп сақшылары ауыр қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кіріскен.