Адвокаттар өз ақысынан қағылып жатыр. Жауапкер мен талапкердің жеке басын қорғағаны үшін мемлекет тарапынан қызмет құнын алуға келгенде ағаттық көп.
Осыған орай әділет департаментінде адвокаттар алқасымен бірлесіп, республикалық бюджет есебінен қорғаушылардың заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мәселесі бойынша сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда адвокаттар ақысынан бөлек шығарылған қаулыларда да кемшіліктер кеткені айтылды.
Соның кесірінен бюджеттен бөлінген қаражат игерілмеуі қалуы әбден мүмкін. Айта кету керек, оңтүстіктегі адвокаттар алқасына облыстық және аудандық соттар мен құқық қорғау органдарынан жалпы 9177 қаулы келіп түсіпті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 39,3 пайызға артық екені тілге тиек етілді.