Оңтүстікте апатты үйлерден келетін қауіп басым. Осылай деп дабыл қаққан төтенше жағдай қызметкерлері қыстың күнінде жарамсыз деп табылған көп қабатты үйлердің тұрғындары далада қалуы әбден мүмкін дейді. Бұл туралы сала мамандары комисияның кезекті отырысында мәлімдеді. Жығылғанға жұдырық демекші, өңірдегі автомобиль жолдарының да жағдайы мәз емес.
Кентау қаласындағы мына үй осыдан он жыл бұрын апатты деп танылған. Сол уақыттан бері жергілікті тұрғындар қорқынышпен өмір сүріп келеді. Ал атқамінерлер халыққа түсетін қауіптің бар екенін біле тұра дәрменсіздік танытып отыр дейді төтенше жағдай қызметкерлері.
Дәл осы себептерден апатты үйлердің тұрғындары қыстың қаһарлы күнінде далада қалуы әбден мүмкін. Себебі бұл мәселе биыл да шешусіз қалды. Қыстың қамына кіріспеген басшылардың жауапсыз әрекеттері мұнымен толастаған жоқ. Төтеншеліктердің айтуынша, автомобиль жолдарында қауіпсіздік шарасы сақталмаған.
Апатты жағдайды алдын-алу үшін мемлекет қазынасынан қаржы бөлініп қойған. Алайда, жауапты басшылар өз міндетін орындауға келгенде салғырттық танытуда.
Осылайша қыстың қамын ойлаған шенеуніктер тек қана ауызша ескертумен шектелді. Берілген тапсырма бойынша қараша айына дейін жолдағы қауіпсіздік шаралары қараша айына дейін толық аяқталуы тиіс.
Лаура Нақыпова