29 қазан күні кешкі сағат 22.00 шамасында Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Әл Фараби полиция бөлімінің кезекшісіне суыт хабар түсті. Қалада орналасқан ойын-сауық орталықтарының бірінің үшінші қабатынан ер кісі төмен құлап түскен.
Жедел түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері хабарламада айтылған жайтты анықтады. Төмен құлаған Атырау қаласының 1973 жылы туылған тұрғыны болып шықты. Ойын-сауық орталығының үшінші қабатынан секіріп кеткен 42 жастағы азамат ауыр дене жарақатын алған.
Оны дәрігерлер ауруханаға алып кетті. Өкінішке орай, ол азамат жансақтау бөлімінде есін жия алмаған күйде қайтыс болды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CeRipr67—Y[/youtube]
Бұл қайғылы жағдай Әл-Фараби полиция бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғалды.
Мәйітке сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.