Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіле бастады

431
Әлеуметтік көмек

Оңтүстікте аз қамтылған отбасылар 1 қазаннан бастап материалдық көмекке қол жеткізе бастады. Бұл жанұяларға жыл соңына дейін тұрақты түрде осындай қолдау көрсетілмек.

Әлеуметтік көмек
Фото: //astana.kz

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Әсия Темірбаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты үкімет осындай шешім қабылдапты.

Өңіріміздегі аз қамтылған 58 мың отбасына көмек ретінде беруге 384,5 млн теңге қаралған. Бұдан бөлек басқарма басшысы облыстағы 9393 кәсіпорынмен жұмыс орындарын сақтап қалу жөнінде келісім-шарт түзіпті. Соның нәтижесінде 148 мыңнан астам азаматты тұрақты еңбекпен қамтуға мүмкіндік туған.