Бәйдібек ауданындағы үңгір

Оңтүстікте табиғаттың тағы бір тылсымы ашылды. Қарт Қаратаудың қойнауынан ат қойып, айдар тағылмаған үңгір табылды. Адам аяғы басып көрмеген бөктердегі белгісіз жерді алдымен аңшылар байқапты.

Бәйдібек ауданындағы үңгір

Бәйдібек ауданына қарасты Майбұлақ өңірінен тағы біраз шақырым шығысқа қарай жол жүрсе, қарт Қаратаудың бөктерінен бір-ақ шығасыз. Әрі қарай көлік түгілі адам әрең жүреді. Бір аяқ жолмен төтесінен тартып, біз де тауға беттедік.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6dT7oFsOHQY[/youtube]

Бұдан біраз аяңдаған соң бір аяқ жол да жоғалды. Жабайы долана мен итмұрынның арасынан бұтағынан бүгіліп өтуге тура келеді. Төбеге көтерілген сайын түрлі дәрі шөптердің аңқыған исінен алқымды ашып, тынысыңды кеңейтеді. Сағаттап жүрген жол азабын табиғаттың тамұғы лезде алмастырды. Сөйтіп, біз де кезінде аңшылар айқындап кеткен үңгірге жетіп, ішіне үңілуге кірістік. Қасқырдың апанына ұқсас құлар тастың 5-6 метр тереңіне бойлап, еңбектеп ену қажет.

Бәйдібек ауданындағы үңгір

 

Үңгірдің төбесі мұз дәуірін еске салады. Мұзтастар тәрізді ұшы үшкірленіп қалған. Аты да, заты да көпке беймәлім бұл бөктерге алғаш рет аяқ басқандар аң-таң.

Бәйдібек ауданындағы үңгір

Тылсым табиғаттың осы бір тамашасы белгілі жазушы Еркінбек Тұрысовтың кітабына енген екен. Қарт қаламгер бүгінде беймәлім үңгірді ешкім де елеп жатқан жоқ деп ашынады. Оған ғалымдар да, биліктегілер де қызығушылық танытпай отыр екен. Егер өзгелер болғанда, тауды бұлақты тамаша туризм орталығына айналдырар еді дейді. Ал әкімдіктегілер әрекетке көшеміз деп әлі жүр.

Бәйдібек ауданындағы үңгір

Бір қызығы, құлар тастың ішіндегі температура қысы-жазы бір қалыпта. Суық суы да қысы-жазы тұп-тұнық. Үңгірге бірнеше рет бас сұққан жандар осындағы мөлдір тіршілік көзімен Бәйдібек жұртын ауыз сумен қарқ қылуға болар еді деп отыр.

Мақсат Жақсыбаев