Шымкентке «Биоптрон» атты жаңа өнім келіп жетті. Zepter өнімінің таныстырылымы әлемде минут емес, 10 секунд сайын өтуде. Себебі кәсіпорын жердің 5 құрлығында, 60-тан астам мемлекетке тараған.

Zepter International қарамағында бүгінде Швецария, Германия, Италияда 7 зауыт бар. Ал соңғы тоқсанда әлемнің 80 миллион адамы Zepter-дің өнімін тұтынып, жоғары бағасын берген. Шаһарамызда жерлестеріміз үшін оның жаңа өнімі — «Биоптрон» таныстырылып, көпшілікке ұсынылды.

Халықаралық сарапшы мамандар, сауықтыру орталығының дәрігерлері, бала бақшалардың меңгерушілері мен денсаулығы үшін алаңдайтын адамдар осында тегіс жиналған. 300-ден астам белсенді топ Леонардо Ди Каприо мен Монако князі Альберт II-нің жеке дәрігерін ден қойып тыңдап отыр. Облыстағы радиология бойынша маман Майкл Макнамара әлемде идеолог қана емес, аса тәжірибелі маман ретінде танымал.

Майкл Макнамара, радилогия маманы: «Біздің мақсатымыз — ел арасында сәулелі медициналық қондырғы «Биоптронмен» таныстыру. Мен мұны 20 жылдан бері өзімнің тәжірибемде, Монакодағы, Мәскеу және Италиядағы емханаларымда қолданысқа енгізгенмін. Аталған қондырғының ерекшелігі сол — ауруды лезде тыяды. Анығырақ айтсам, жүрек талмасы мен өзге де ауыр дерттерді емдеуде көмегі мол».

«Биоптрон» онкологиялық дертке де емдік жолы бар деп саналады. Оны қолдануда ешқандай қиындық жоқ. 10 см арақашықтықта ұстап тұрып-ақ, емдік шараларды жүргізуге болады. Бірнеше қабылдаудан соң нәтижесі бірден байқалады. Мұны Оңтүстіктің медициналық мекемелерінің жетекшілері те бағалап үлгеріпті.

Мамандардың айтуынша, мұндай құралдар тек емханаларға ғана емес, үйге де қажетті. Сәуле терапиясы адамдардың дерттен сауығуына көп көмектеседі. Zepter компаниясының өкілдері шымкенттіктерге кеңес беріп, 40 пайыздық жеңілдік ұсынуға әзір.