Биыл қатты отынның құны өзгермейді. Көмірге қатысты нарық тұрақты болады деп нықтады мамандар. Айтуларынша Қарағандыдан тасымалданып жатқан қатты отынның әр тоннасы 11 мың тенге көлемінде екен.
Ал қоймада көпшілік үшін көмір жеткілікті. Биыл Оңтүстіктің тұрғындары қыркүйек айынан бері қамданыпты. Қазір мұнда 7 мың өндіріс орындарына арналған 15 мың тонна қатты отын жатыр.
Қазір жерлестеріміздің 65 пайызы қыстық отынды түсіріп алған. Оның үстіне қала бюджетінен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар үшін бір реттік жәрдем де бөлініп берілген. Жалпы соммасы 20 млн теңге қарастырылған. Енді мыңнан астам жанұя 19 мың теңгені қажетіне жұмсайтын мүмкіндік алды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UW9olVQCclQ[/youtube]
Бір айта кетерлігі, соңғы жылдары көмірге деген сұраныс төмендеп барады дейді мамандар. Себебі облыстағы елдімекендердің басым бөлігіне көгілдір отын жеткізілген.
Бүгінде арнайы құрылған комисия осындай жеңілдік алуға өтініш берген 500 отбасының құжаттарын зерделеу үстінде. Олардың бұйымтайлары қараша айында қанағаттандырылатын болады.
Нұрлан Жаңабай