Диагностикалық орталықта тегін тексерілуге болады

1054
Диагностикалық орталық

Облыстық консультативтік-диагностикалық орталықта тоқсан пайыз тегін медициналық тексеруден өтуге болады.

Диагностикалық орталық

Енді мұнда биохимиялық және имунологиялық, магнитті резонансты тамография сынды 250-ден аса диагностикалық қызметтің түрін ақысыз пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл үшін Шымкенттегі 12 емханамен арнайы келісім-шарт түзіліпті. Тексерілуге ниет еткендер жергілікті дәрігерден арнайы жолдама алу қажет. Айта кетейік, тегін медициналық қызмет мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tXUbBXyrT_Q[/youtube]