Кәсіпкерлер палатасы

Іскер азаматтарға арналған жағымды жаңалық. Кәсіпкерлердің лизингтік қаржыландыруға қол жеткізуі жеңілдейді. Бұдан былай бұл көмекті пайдаланғысы келетін іскерлер бұрынғыдай көп уақыт шығындамайды.

Себебі құжат рәсімдеу оңтайландырылып отыр. Жауапты мамандар осылай деп отыр. Сондай-ақ, кәсіпкердің арызы 1 апта ішінде қаралады.

Кәсіпкерлер палатасы

Осыған дейін қондырғы құнының шекті мөлшерінің тым жоғары болуы да кәсіпорындардың бағдарламаға қатысуын шектеп келген. Жаңа өзгерістерге сай бұл шарт та өзгеретін болды. Сондай-ақ бағдарлама аясында мамандардың шетелдерде білім алуына да жол ашылып отыр.

Сондай-ақ, «Фермер жолсерігі» деп аталатын ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялар жинағы жарық көрді. Кәсіпкерлік мектебінің қолға алуымен жарық көрген бұл еңбек шаруалардың кәсіби біліктілігін арттырып, озық технологияларды меңгеруіне жол ашады дейді авторлар.

Жеті тараудан тұратын жинақта әр ауданның табиғи климаттық ерекшеліктері мен егіншілік жүйесі кеңінен түсіндіріледі. Сондай-ақ құс шаруашылығы, ара шаруашылығы, ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес жоба үлгілері ұсынылады. Жаңадан жарық көрген жинақта шаруаларға қажетті ауыл шаруашылығы салаларының барлық өзекті тақырыптары қамтылған.