Бүгін тағдыр тауқыметін тартса да мойымаған батыл жандардың мерекесі аталып өтілді. Облыстық филармония сахнасына жиналған мүмкіндігі шектеулі жандар жүрегі жаралы замандастарына арнап, кеш ұйымдастырды. Әннен шашу шашып, өз мерекелеріне көрік кіргізді.
Айта өтейік, Елбасының қаулысымен қазан айының екінші аптасы мүгедектер күні деп белгіленген. Статистикаға сүйенсек, күнгейде мүмкіндігі шектеулі 108 мың жан бар. Оның 20 мыңға жуығы облыс орталығында мекендейді.
Вадим Торопов, Шымкент қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы: «Бәріміз біргеміз. Бұл концерт жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Мүмкіндігі шектеулі болса да қоғам тіршілігінен тыс қалмайтын белсенділерімізге құрмет көрсетіледі. Бір күн емес, жыл он екі ай оларға көңіл бөлінсе деп тілейміз».