Полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысының 45 жастағы тұрғынынан 1 келіден астам апиынмен ұстады. 5 қазан күні есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармысының қызметкерлері «Көкнәр-2015» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Мақтаарал ауданында 45 жастағы тұрғынын апиынды өткізіп жатқан жерінен ұстады.
Полицейлер 45 жастағы күдіктіні тінту барысында шикі апиын есірткі затына ұқсас түйіншекке оралған затты анықтап, тәркіледі. Сот-криминалистік сараптама нәтижесінде табылған заттың салмағы 1 келі 250 грамм апиын екені анықталды.
Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті азамат қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.