Шымкентте өткен облыс әкімдіктері арасындағы республикалық спартакиаданың жеңімпаздары белгілі болды. Биыл спорттың 9 түрінен 16 команда сынға түскен болатын. Олардың арасында Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктері де бар.
Демалыс күндері отандастарымыз сынға түсіп, чемпиондар анықталды. Нәтижесінде жүзу, баскетбол, шағын футбол, армреслинг жән жеңіл атлетикадан Оңтүстік әкімдігінің мамандары үздік танылып, жалпы командалық есепте жерлестеріміз бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орында Ақтөбенің құрамасы болса, батысқазақстандықтар алғашқы үштікті қорытындылады.
Оңтүстік Қазақстанның қоржынында 158,5 ұпай бар. Ақтөбеліктер 138 ұпайға қол жеткізсе, алғашқы үштікті қорытындылаған батысқазақстандықтар 137 ұпайды жеңіп алды.