Оңтүстіктің самбошылары Ригада өткен әлем чемпионатында топты жарды. Жарысқа қатысқан 34 елдің арасынан шымкенттік Жадыра Пайыз 44 келідегі спортшылар арасында күміс медаль жеңіп алды. Ал 60 келіде Маржан Бейжан 3-орынға табан тіреді. Сондай-ақ, жастар арасындағы сынақта жерлесіміз Жадыра екінші медаліне қол жеткізді. Бұл жолы ол қоладан алқа тақты.
Енді жерлестеріміз Мароккода өтетін әлем чемпионаты мен Атырау қаласындағы Азия чемпионатына дайындығын бастайды. Айта кету керек, қос палуан да Түркістан қалалық спорт мектебінің шәкірттері.