Полиция
Фото: //24.kz

22-23 қазан аралығында ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында жыл сайынғы дәстүрге айналған «Парасатты полицей» республикалық байқауы Оңтүстік өңірінде өтеді. Игі шара Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияда сағат 10:00-де басталады.

Полиция
Фото: //24.kz

Бұл байқау тәртіп сақшыларының қатысуымен республика аумағында осымен алтыншы рет өткізілмек. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, полиция қызметкерлерінің оң имиджін нығайту. Құқық қорғаушыларды Отанға, тілге, өз елінің тарихына деген патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем тіл мен әдебиетті насихаттауды жандандыру болып табылады.

Бұл жолғы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған, түрлі ұлт өкілдерінен құралған, жалпы саны 100-ден астам тәртіп сақшыларының 20 командасы бақ сынасады.

Дүбірлі сайысқа әділқазылық еткен алқаның шешімімен 1, 2 және 3-орынды иемденген үздік командалар түрлі номинациялармен, кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сайыс соңы облыстық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен ұласады.