Президенттік көпсайыстан ел чемпионаты Шымкентте бастауын алды. Ел басының жүлдесіне арналған спорттық тесттен өтуге Қазақстанның барлық облыстарынан командалар жиналды. Қазақстанның 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан командалар келген. Олардың әрқайсысында 18 спортшыдан болуы шарт.
Жарысқа қатысушылар спорттың жеті түрінен сынға түсетін болады. Ең қызығы, әр спортшы жеті сынақта да ептілік танытуы қажет. Өйтпеген күнде президенттік тестті тапсыра алмайды. Бұл сынақ әр облыс спортшыларының деңгейін анықтайды. Сол себепті команда құрамын белгілі спортшылар да толықтырған. Отандастарымыз үш күн бойында Шымкентте үздік танылуға тырысады. Айт кету керек, президенттік тестілеуден ел чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отыр.