Қызылордада ұлттық ойындардың республикалық төртінші фестивалі аяқталды. Төрт жылда бір рет өтетін жарыста Оңтүстік Қазақстанның спортшылары жалпы командалық есепте екінші орыннан көрінді.
Жарысқа қатысушылар еліміздің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан келген. 2000-ға жуық спортшының арасынан өңіріміздің саңлақтары қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақтан бірінші орыннан көрініп, қоржынға қажетті ұпай салды.
Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 227 ұпаймен Қызылорда облысының командасы – бірінші, 200,5 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысы – екінші, ал 177,5 ұпаймен Жамбыл облысы үшінші орынға ие болды.
Кезекті фестиваль жалауын Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев Ақтөбе облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Бақтияр Тулеуовке табыстады.
Облыс қоржынына ұпай салған спортшылар:
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ( ЕРЛЕР)
55 келі:
3-орын, Ақтөре Жайлыбек (ОҚО)
66 келі:
3-орын, Мейіржан Қалтаев (ОҚО)
74 келі:
1-орын, Бақытжан Барбанов (ОҚО)
82 келі:
3-орын, Алфараби Бекұлы (ОҚО)
90 келі:
2-орын, Әділжан Ыстыбаев (ОҚО)
100 келі:
3-орын, Қайсар Шамшидинов (ОҚО)
+100 келі:
1-орын, Жұманазар Ерсұлтанов (ОҚО)
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ (ӘЙЕЛДЕР)
48 келі:
I орын, Ұлдана Сайыл (ОҚО)
52 келі:
I орын, Гаухар Тұрмаханова (ОҚО)
63 келі:
II орын, Севера Нишанбаева (ОҚО)
70 келі:
II орын, Перизат Жақыпбекова (ОҚО)
78 келі:
II орын, Альбина Амангелдиева (ОҚО)
+78 келі:
I орын, Зарина Абдрасулова (ОҚО)
Тоғызқұмалақтан жалпыкомандалық есеп
1-ОРЫН — ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
2-ОРЫН — АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
3-ОРЫН — ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
Жекелей есепте ерлер арасында 1-тақта бойынша:
I орын, Серік Ақтаев (ОҚО)
Әйелдер арасында 1-тақта бойынша:
I орын, Әсел Дәлиева (ОҚО)
2-тақта бойынша:
I орын, Салтанат Сапарбекова (ОҚО)
АУДАРЫСПАҚ
Жалпы командалық есеп
1-ОРЫН — ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
2-ОРЫН — ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
3-ОРЫН — ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Жекелей есеп
70 келі:
I орын, Ерназар Байғонов (ОҚО)
80 келі:
II орын, Түймебек Жұмәлиев (ОҚО)
90 келі:
I орын, Сырым Ізбасаров (ОҚО)
+90 келі:
I орын, Біржан Қосалиев (ОҚО)
Көкпардан Оңтүстіктің құрама командасы күмістен алқа тақты. Жерлестеріміз ақтық кездесуде жамбылдықтарға ғана есесін жіберіп алды.
Аламан бәйгеде Маңғыстау облысының Нұрсат Тілектес тақымдаған «Джекпот» сәйгүлігі бас жүлдеге тігілген жеңіл автокөлікке ие болды. Екінші орынды оңтүстікқазақстандық Нұршахар Сәдуақас алса, ақтөбелік Еркін Тайұстар үшінші орынды қанағат тұтты.
Теңге ілуден 20 ұпаймен Ақтөбе облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орында 18 ұпаймен Қызылорда облысы, ал үшінші орын 16 ұпаймен Батыс Қазақстан облысының командасына бұйырды. Қыз қуудан Қостанай облысы озық шықса, Оңтүстік Қазақстан облысы күміс жүлдені, Атырау және Жамбыл облыстары қола жүлдені еншіледі.