Бақ

Жылыжайымен еліміздің көшін бастайтын Сарыағашта бау өсіру де қолға алынған. Осындағы «Сарыағаш жер сыйы» серіктестігінің жұмысы үлгі тұтарлықтай. Мұнда жеміс ағаштарының көшеттері соңғы технологиямен өсіріледі. Өңірдің ғана емес, елдің шаруа қожалықтарын жергілікті жерге бейім жеміс-жидек көшеттерімен қамтуда еңбек етуде.

Бақ

Күзгі жиын-терім аяқталысымен «Сарығаш жер сыйы» ЖШС-нің жұмысшылары көктемге жүзімдік көшеттерін әзірлеуге кіріскен. Сапаркүл Елемесованың шаруашылықта еңбек еткеніне 4 жыл болыпты. Осы мерзім ішінде жеміс ағаштарын баптаудың қыр-сырын меңгергенін айтады.

Серіктестікке тиесілі 95 гектар жер алқабында жоғары өнім беретін жеміс көшеттерінен бөлек Оңтүстік климатына енді бейімделіп келе жатқан нартас, киви, банан сияқты субтропикалық жеміс-жидек көшеттері де бар. Шаруашылық бүгінде көшетпен Сарыағаш ауданын ғана емес, Оңтүстік өңірін толық қамтуға мүмкіндігі бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CXpBMMudf-0[/youtube]

Сайрам ауданынан келген шаруалар жүзім өсірумен айналыспақ. Тәжірибелі бағбанның кеңестері шаруашылықты дұрыс жүргізуге пайдасы болатынына қарабұлақтықтар сенімді.

Жеміс көшеттерін дайындау мақсатында «Сарыағаш жер сыйы» серіктестігіне облыс әкімдігі тарапынан қосымша тағы жер алқабы беріліпті. Мұнда жүзімнен бөлек алма көшеттері егілген.

Шынар Оразова