Шымкент қаласы əкімдігінің кіреберісінде ресепшн ашылды. Енді əкімшілікке келген қала тұрғындарына күзет қызметкердері емес, арнайы анықтама қызметі жұмыс жасап, кез келген сауалдарына жауап береді.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Нұрлыбек Жеңісбек хабарлап отыр. Оның айтуынша, мұндай жоба əкімшілік қызмет жүйесінде тұңғыш рет орын алып отыр.
Яғни Қазақстан бойынша ресепшн-кезекші қызметі тұңғыш рет Шымкент қаласы əкімдігінде ашылуда.