Шымкент мұғалімдері ата-анамен интернет арқылы байланысады

192
Қалалық әкімдік

Енді Шымкеттегі мектеп мұғалімдері әр оқушы жайлы мәліметті оның ата-анасына хабарлап отырады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді.

Қалалық әкімдік

Бүгін Шымкент қаласы əкімдігінің кезекті мəжілісі өтті. Күн тəртібінде үш мəселе қаралды. Қаладағы білім саласының дамуы жəне мектептердегі тəрбие жұмыстарының жағдайына арнайы тоқталған шаһар басшысы мектептерде ата-аналар тарапынан қамқоршылық кеңестері құрылатынын мәлімдеді.

Қалалық әкімдік

Сондай-ақ, алдағы уақытта әрбір ата-ана баласының сабақта бар-жоғын біліп отырады деді. Бұл міндетті мектеп мұғалімдері атқарады. Яғни ұстаздар интернет арқылы әр ата-ананың ұялы телефонына хабар жіберуі тиіс деген талап қойды. Осылай қаладағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын қылмыстардың санын азайтамыз дейді қала басшысы.

Айта өтейік, Шымкентте 124 мектепте 159 мың оқушы бар. Бұл шараны іске асыруға бір ай уақыт берілді. Одан бөлек қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жəне кəріз жүйелерінің жағдайы талқыланды.