Мектеп құрылысы

Шымкент қаласында әлі күнге дейін құрылысы аяқталмаған мектептер бар. Бұл мәселе қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымовтың қадағалауында. Әкім кезекті мәжілісте құрылыс бөлімі мамандарының есебін тыңдап, биыл қолданысқа берілетін нысандардың жай-күйімен танысты. Әсіресе, құрылысы бітпей жатқан балабақша мен мектептерге баса назар аударды.

Мектеп құрылысы

Оқу жылының алғашқы тоқсаны аяқталуға жақын, ал №34 мектептің оқушылары әл күнге дейін Еламан елдімекеніндегі білім ошағына сабылып жүр. Тап осы жерде төрт бірдей жаңа корпус соғылуы қажет еді. Алайда құрылысшылар 719 млн теңгені игермек түгілі құрылыс барысын бәсеңдетіп жіберген.

Құрылыс жұмыстары аяқталмау қалу қаупі бар нысандардың тізімінде бірнеше мектеп пен балабақша бар. Қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов мердігерлердің жұмыстарын қатаң бақылауға алатынын қадап айтты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hDCRIz2yWms[/youtube]

Жыл соңына дейін «Даму» бағдарламасындағы 44 индекатордың 16-ның орындалмау қауіпі бар. Соның бірі — білім саласында. Мұнда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың жылдық жоспары межеден қалып кеткен. Қала басшысы жыл соңына дейін осы саланы қадағалауға тапсырма берді.

Ал осы кезде жаңа оқу жылында біраз айқай болған №44 және 25 мектеп оқушылары өз білім ошақтарына оралды. Бұл екі мектепті күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйек айының бірінші жұлдызында аяқталмай, облыс және қала әкімінің жіті бақылауына алынған болатын. Бүгін құрылыс бөлімінің мамандары екі мектептегі құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілгенін мәлімдеді.

Нұрлан Жаңабай